Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Динара Бақтыбаева жыланмен бірге фотосессия жасады (фото, видео)

Динара Бақтыбаева жануарларды қорғауға бағытталған қайырымдылық шарасына атсалысты. Аталған шара барысында жыланмен фотосессия жасап, бала күнгі арманы туралы айтып берді.

image

Фото: instagram.com/dika_strai/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Бақтыбаева халыққа “Қыз бен жігіт” атты комедиялық туынды арқылы таныс. Осыдан кейін ол “Зәуре”, “Нархоз”, “Супер той” сынды фильмдерге түсіп үлгерді. Бүгінде сән саласына атсалысып түрлі фотосессия жасап жүр. Жуырда ол жануарларды қорғауға бағытталған шараға қатысты. Аталған шара барысында жыланмен бірге суретке түсіп, бала күнгі арманын бөлісті.

“Бала күнімде жануарларды қатты жақсы көрдім. Осы махаббатымның әсері болар, ветеринар болуды қатты армандадым. Біз ит болсын, жылан болсын, оларға ерекше қамқорлық танытуымыз тиіс. Ал мынау жұмыстың өзі. Осы шараға атсалысуға шақырған барша адамға алғысымды білдіремін. Жануарларды аялаңыздар, оларға зиян тигізуден аулақ болыңыздар! Адамгершілік атаулысы әрқайсымызға серік болуы тиіс”, – дейді Динара Бақтыбаева.

Жануарларды қорғауға бағытталған шараға Динарадан бөлек, Айсұлу Әзімбаева, Гүлнәр Силбаева, Адиль Лиян сынды танымал адамдар қатысқан.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Бақтыбаева: Болашақ жарымды иісіне қарап таңдаймын

Динара Бақтыбаева әйгілі Зена образын байқап көрді (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Талқылау