Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Бақтыбаева әйгілі Зена образын байқап көрді (фото)

Динара Бақтыбаева өзін басқа қырынан танытқан фото түсірілімге қатысты.

13652115_1622709591353706_761066449_n

Фото: instagram.com/aizhan_begasyl/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Визажист әрі сәнгер Айжан Бегасыл актриса Динара Бақтыбаеваға ерекше ұсыныс жасады. Ал актриса өз кезегінде ұсынысты қабыл алып, ерекше образдағы фото түсірілімге қатысты.

“Айжан екеуіміз жобалардың бірінде жолығып, ол маған өзінің шығармашылығы туралы толығырақ айтып берді. Артынша суретке түсуге ұсыныс жасады. Мен келістім. Шынымды айтсам, өзіме ұсынған костюмді көрген кезде жандана түстім. Себебі, мен бәрінің көзі үйреніп қалған сүйкімді емес, батыл бойжеткеннің рөлін сомдадым”, – дейді Динара Бақтыбаева.

Бірегей фэшн-авангард образдарды дүниеге әкелуге Айжан Бегасылға фотограф Ильяхат Су-Джин-Ю көмектескен. Актриса арада ешбір қиындық болмағанын айтады. Мұнымен қатар, Бақтыбаева ерекше локацияны қалай іздеп тапқандарын баяндап берді.

1

13249907_672781132903121_302110683_n

“Түсірілім жұмыстарының қалай өткенін баяндап берейін. Локация іздеп Қапшағайға бара жатқанбыз. Жолдан Ильяхат құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимаратты байқап қалды. Нар тәуекел деп сол жерге бардық.

Рұқсат бермейді деп ұзақ уақыт сөз таластырдық. Ақырында уақыт жоғалтпай сол жерге баруды жөн көрдік. Нәтижесінде рұқсат берді! Тіпті, не істеп жатқанымызға қарағанда жоқ. Ал мен өз кезегімді батыл образды байқап көрдім.  Бойымнан осы қасиетті байқаған Айжан мен Ильяхатқа алғысым шексіз.

Меніңше, бұл образды “Ля Beyoncé or Нюша” деп атауға болады. Сіздер бұл тізімге Зенаны да қосып үлгерген шығарсыздар. Феминизм өкілдерінен тағы кімдерді білесіздер?”  – дейді ол.

13256656_479220042280927_2037624015_n

13534511_298939717119852_902605763_n

Креативті команда осы уақытқа дейін Іңкәр Әбдраш, Гүлнәз Жоланова, Ақбота Сейітмағамбет және Кәмшат Жолдыбаева сынды танымалдармен жұмыс істеген.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Бақтыбаева: Болашақ жарымды иісіне қарап таңдаймын

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар

Талқылау