Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің әкімі биылғы құрбан айтта саудагерлерден қой бағасын қымбаттатпауды талап етіп отыр

Ақтөбенің әкімі биылғы құрбан айт мерекесінде саудагерлерден қойдың бағасын қымбаттатпауды талап етіп отыр. Жылда қасиетті мерекеде шарықтап кететін малдың құнын енді әкім өзі қатаң қадағалайтын болады.

20160907184429

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ол үшін жергілікті билік құрбан айт күндері мал сататын орындарда бағаны бақылайтын арнайы мамандарды да белгілеп қойған.

Ақтөбеде құрбан айт мерекесіне қарсы жергілікті билік мал базарларына барып, саудагерлерге “бағаны көтермеңдер” деп қатаң талап қойған. Айтта төрт түлік құнының қымбаттап кетпеуіне бас-көз болатын мамандар да жүреді. Алайда тексеруге келгенде алдарына жан салмайтын ақ жағалылардың бағаға шектеу қоюлары дұрыс емес дейді саудагерлер.

“Акимат олай айтуға қалай, білмеймін. Мен жеке шаруамын, мысалға жеке малым ғой өзімнің. Қой басынан екі мыңнан төлеп келеміз газельге”, – дейді саудагер.  Қазірдің өзінде Ақтөбе базарларында малдың бағасы әртүрлі құбылып тұр.

Ақтөбе:

Тоқты   15 000 – 20 000
Қой       25 000 – 30 000
Сиыр 120 000 – 150 000, жылқы 350 000 – 400 000

Шымкент:
Қой – 18 000 – 35 000
1 кг – 1000 теңгеден

Қарағанды:
Қой – 20 000- 40 000

Ал әдетте мал бағасының әсіресе мереке күндері көтерілетінін білетіндер қазірден қамдана бастапты. Мал бағасын қатаң бақылауға алмақ жергілікті билік өкілдері, ережені бұзғандарға қандай шара қолданатындарын өздері білмейді. Бірақ, қойылған талаптың бұзылмайтынына сенімді.

“Сатып жатқан жерге барамыз. Малдың бағасын күндегі біліп отырмыз. Малдың бағасын қаншадан сатылып жатқанын, сол күндері қадағалаймыз”, – деді Ақтөбе қаласы әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов.

Айта кетейік, биылғы құрбан айт мерекесі елімізде террористік қауіптің сары деңгейінде өтіп жатыр. Сол үшін де Ақтөбе билігі мереке күндері қоғамдық тәртіптің қадағалануын күшейтіп отыр.


Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Құрбан айтқа құттықтау тілектер

Талқылау