Ақтөбелік шенеунік әйелі мен баласын әлдекімдердің ұрлап кеткенін мәлімдеді

Дүйсенбі, 28 Тамыз , 2017 8:27

Ақтөбе полициясы бір түнде аяғынан тік тұрып қаладағы шенді тұлғаның жоғалып кеткен әйелі мен ұлын іздеді.

svyazannie-ruki

Бұл туралы Аktobetimes.kz хабарлайды.

17 тамыз күні түнгі 3:30 кезінде облыстық бір басқарма басшысының орынбасары полицияға хабарласып, әйелі мен баласын әлдекімдердің ұрлап кеткенін айтқан. Айтуынша, тура аулада оларды біреулер «Мицубиси- Паджеро» көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Шенеуніктің әйелінің жасы 37-де, ал ұлы төртте екен.

Полиция бірден іске кірісіп, түні бойы қылмыскердің ізін кесіп, іздеу жариялайды.

Ал келесі күні түске таман әйелі үйге оралған. Әйелдің айтуынша, ол кешкілік күйеуімен ренжісіп қалып, ұлын алып құрбысының үйіне кетіп қалыпты. Күйеуі айтқандай ешқандай адам ұрлығы орын алмаған.

Ақтөбе облыстық ІІД қылмыстық іс қылмыс құрамының жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғанын мәлім етті.

Оқи отырыңыздар:

Қазақстанда 35 мыңға жуық талапкер білім грантына ие болды

Жоғалып кеткен Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отырғандарға бейнеүндеу жолдады (видео)

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар