Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

40 бүлдіршін түрмедегі тұтқындай болып жүр! Алматы облысында ескі дүкеннің ғимараты аз уақытта бөбекжайға айналып, зардабын кішкентай балалар тартуда. Іші де, сырты да талапқа сай келмейтін жекеменшік балабақша бір ай бұрын жұмыс істей бастаған. Ал, бүлдіршіндер есебінен пайда табуға кіріскен кәсіпкер тіпті санитар дәрігерлерден рұқсат алмапты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

турмеге уксайтын

Түрмедегі тұтқындай жәутеңдеп тұрған – балабақша тәрбиеленушілері. Сыртынан қарағанда қоймаға ұқсайтын ғимаратта осындай 40 бала бар. Бұрын дүкен болған ескі нысан 1 ай бұрын ғана бөбекжайға айналыпты. Ал оның иелері ішіндегі кем-кетікті ретке келтірмей жатып, бүлдіршіндерді қабылдауға асыққан көрінеді.

Едені бетоннан жасалған. Оның үстіне тек линолеум жая салыпты. Терезе деген атымен жоқ. Балалар қараңғы әрі суық жерде отырады», – дейді Алмалы ауылының тұрғыны Бақыт Нұрбаева.

Тіпті, жолдың бойында орналасса да, бөбекжай қоршалмаған. Соның кесірінен, ішінен қашып шыққан бүлдіршіндер де болыпты.

Темір қақпаның ар жағы қазір бүлдіршіндердің ойын алаңы. Онда да аумақтың тек жартысы ғана балабақшаға тиесілі екен. Ал, бұрын бұл жер дүкеннің қоқысын тастайтын алаң болыпты. Сол кезден қалған қиранды диван болса, қазір бүлдіршіндердің орындығына айналған.

Мұнда кішкентайларға арналған ойыншық пен әткеншек те жоқ. Жағдайы осындай бола тұра, иелері әр бала үшін айына 10 мың теңге алып отыр. Ашынған ата-аналар мұндай бөбекжайдың барынан жоғы жақсы дейді. Ал, Алмалы ауылының кейбір тұрғындары «барға қанағат» етуге мәжбүр.

Өйткені, 3 мың адам тұратын елді мекенде бұдан басқа балабақша жоқ.

«Балаларым осы жерде, бауырымның балалары осы жерде. Өйткені, бәрі жұмыста, кімге тастайсыз?» – дейді Алмалы ауылының тұрғыны Бейбіт Әшімбеков.

Ал дені дұрыс балабақшаның ең жақыны 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан, ата-аналардың көбі «көш жүре түзеледі» деп, ауыл ішіндегі мекеменің кем-кетігіне көз жұма қарап отыр. Кәсіпкерлер болса, жұмысқа ертерек кірісуімізді тұрғындардың өздері қалады деп ақталды.

«СЭС-тан әлі рұқсат алған жоқпыз. Ішінде тағы бітпей қалған жұмыстар бар», – дейді балабақша құрылтайшысының көмекшісі Айдын Құнанбаев.

Қожайындар әзірге «осының өзіне рахмет айтсын» дегендей сыңай танытып отыр. Ал бұдан кейін бүлдіршіндерді жаңа ғимаратқа көшіріп, ауылда бұрын-соңды болмаған бөбекжай салып береміз деп сендірді.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да анасынан таяқ жеген 7 жасар бүлдіршін мүгедек болып қалды

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Семейде жүкті келіншекті жаяу жүргінші өткелінде көлік қағып кетті

Әйелін 22 жерінен пышақтап өлтірген азамат сот залында жылап жіберді

Талқылау