Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 35 мыңға жуық талапкер білім грантына ие болды

Білім гранттарын бөлумен айналысатын республикалық конкурстық комиссия 34 907 талапкерді таңдап алды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

2854558

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, жоғарғы оқу орындары ассоциациясы, ректорлар кірген. Жұмыс қорытындысы бойынша 34 907 талапкер грант иеленген, оның ішінде медициналық мамандықтарға 3794 грант бөлініп отыр.

“Алтын белгі” иегерлері – 4664, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар – 551, мүгедектер – 367, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 42 грант иеленген. Сондай-ақ, алғаш рет болашақта ағылшын тілінде физика, химия, биология және информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді дайындау үшін 642 білім гранты қарастырылған.

Оқи отырыңыз:

 Шымкент тұрғыны әкесіне тірі арыстанды сыйға тартты

1 ай бұрын жоғалып кеткен семейлік қыз Алматыдан табылды

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналардың ашуын туғызды

Бауыржан Байбек мұғалімдерге жыртық шалбар туралы мысал айтты

Талқылау