Ақтөбелік кәсіпкер Алматы зообағына 5 млн теңге аударды
Ақтөбелік кәсіпкер Алматы зообағына 5 млн теңге қаражат аударды.

Фото: kapital.kz
Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев желідегі парақшасында жазды.
«Түнгі уақытта телефоны әлдекім хабарласты. «Мен зообақта жиі болмаймын. Біз бір қалада болмасақ та, бір елде тұрып жатырмыз. Мәліметтеріңізді жіберіңіз. Мен сізге 5 млн теңге аударам» деді. Руслан, сізге шексіз алғысымызды білдіреміз», – деп жазды зообақ басшысы.
Бұған дейін қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген зообақтың қарызын жауып берген еді. Зообақ 62 мың евро неміс сәулетшісі Питер Разбахқа төлеуі тиіс болатын.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда сүндетке отырғызу ақысыз жасалуы мүмкін
Алматылық жігіт діни әндер тыңдағаны үшін алты жылға сотталды
ОҚО-да 6 жастағы ұлын аяусыз сабап тастаған әйел қамауға алынды
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық