Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 6 жастағы ұлын аяусыз сабап тастаған әйел қамауға алынды

ОҚО-ның Сайрам ауданында өз баласын аяусыз сабаған әйел қамауға алынды.

Фото: CC0/Arek Socha

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға дәрігерлер хабар берген. 2011 жылы туған бірінші сынып оқушысы денесі көгерген күйінде емханаға түскен.

Полицейлер тексеру кезінде бүлдіршінді туған анасы ұрғанын анықтады. Қазір сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел қамауға алынды.

ТВК тілшісінің хабарлауынша, оқиға Қарабұлақ ауылында болған. Бүлдіршін денесі көгеріп, тісі сынған күйінде емханаға жеткізілген. Анасы ұлын сабағын дұрыс орындамағаны үшін ұрғанға ұқсайды.

Тағы да оқыңыз:

Илья Ильин пәтер мен сыйақыны мемлекетке қайтарып беруге дайын

Қарағандыда аялдамада жарты сағат бойы порноролик көрсетілді (видео +18)

Қарағандыда 60 жастағы әжейдің өліміне кір жуғыш машина себеп болған

Талқылау