Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі қанды терактіде жараланған ер адам әлі басындағы оқпен жүр

Уақыт өткен сайын Ақтөбедегі терактіге байланысты оқиғалар басқаша сипат алып, күтпеген бұрылыстар жасауда. Зардап шегушілердің бірі күзет фирмасының көлік жүргізушісі моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етуде. Бұл жайлы КТК хабарлайды.

апап

Қанды жексенбіде ер адам террористердің атқан оғына тап болып, бірнеше жерінен жарақат алған. Тіпті бір оқ әлі күнге денесінен алынбаған. Енді осындай күйге түсіп, жан мен тән азабын тартақын үшін 5 миллион теңге өтемақы талап етуде. Ол бұл ақшаны нақты “Паллада” дүкенінің иесі берсін демейді, жалпы кім төлесе де риза болмақ.

38 жастағы Ойландық Жарманов мүгедек болып қалу қаупінің алдында тұр. Ол әлі күнге емделіп жүр. Ер адамның бетінің бір бөлшегі жансызданып қалған. Отбасында кәмелетке толмаған екі баласы мен жұмыссыз әйелі тек отағасының ғана табысына қарап отырған еді.

5 маусым күні болған шабуыл кезінде террористер “Паллада” қару-жарақ дүкенінің сатушысы, күзетші және кездейсоқ жүргіншіні атып өлтірген еді. Тағы үш адам жараланған.

“Жеті оқ болды. Алтауын алған, біреуі баста қалып қойды. Әлі күнге ауруханада жатамын. Ем-дом шарасынан әдейі сұранып шықтым. Дәрігерлер болса енді ешқайда жұмыс істей алмайтынымды айтады,” – дейді зардап шегуші Ойландық Жарманов.

Ақтөбеде “Паллада” қару-жарақ дүкенінің иесіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 28 жастағы дүкен директоры Артем Горлаев қару-жарақты дұрыс сақтамағаны үшін сотталып жатыр.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар тобы 5-ші маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары менәскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.

Оқи отырыңыздар:

Ақтөбеде анасы тастап кеткен бір үйдің алты баласы адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр

Әкімнен сөз естіген ақтөбелік 14 баланың анасы қоныс тойын тойлады

Ақтөбелік пойызға кешігіп қалғаны үшін түрмеге түсе жаздады

Талқылау