Ақтөбедегі автобус өрті: Туыстары өрттен аман қалғандармен жолыға алмай отыр

Осы автобус жүргізушілерімен туыстары сөйлесе алмай жатыр. Олармен 3 жүргізушінің орнына тек дәрігерлер мен Ақтөбе билігінің өкілдері ғана жолыққан. Бұл туралы күйік шалған жүргізушілерге барған  туыстары айтуда. Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов және Нұржан Қырғызбаевтың шошынып қалғаны сонша, олармен психолог айналысып жатыр. Ал, олардың отбасы онсыз да есеңгіреген жақындары қамала ма деп үрейленіп отыр. От арасынан аман қалған жүргізушілердің жақындарымен Бек Әбиев тілдесіп келді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазығұрт ауданына қарасты Қақпақ ауылында соңғы бірнеше күннен бері маза жоқ. Өйткені, Ақтөбеде жолаушыларымен бірге өртенген автобустың жүргізушілері, тірі қалған 3 отандасымыз да осы ауылдың тұрғындары. Ауылдастары автобусты айдап кеткен Мақсат пен жолдастарының үйіне күніге барып, жағдайын сұрайды. Ал, туыстарының айтары шамалы. Күні кеше ғана Мақсаттың жағдайы білуге барған бір топ жақыны палатада жатқан өзін көре алмай дәрігерлермен ғана тілдесіп қайтыпты.

“Мақсатпен сөйлесе алмадық. Кіргізбейді. Жағдайы жақсы деп главный заведующиі айтты.  Оң қолы күйген. Оң қолында күйік шалған деді. Беттері күйген деді. Сосын еліткен деді. Түтінге елітіп қалған ғой енді ары-бері. Ана жерде жүгіргенде елітіп неғылған енді, шоковый состоянияда деді. Нелер жұмыс жасап жатыр деді, психологтар”, – дейді Мақсат Пернебековтің әпкесі Нұршат Пернебекова.

32 жастағы Мақсат Пернебековтің үш баласы бар. 4-шісіне аяғы ауыр келіншегі автобус өртенгенін естігенде ішіндегі баласын тастап қойған. Ал, анасы жүрегі ұстап, қан қысымы көтеріліп күніге ауруханада. Апатқа ұшыраған автобусты соңғы 4 жыл бойы айдап жүрген Мақсат соңғы рейстің алдында автобусын бір айдай жөндеген екен.

Апатқа ұшырамас бұрын Сетра автобусы Мақсат Пернебековтің тура есігінің алдында мына жерде тұрған. Соңғы рейске шықпас бұрын ол автобусты бүге-шегесіне дейін тексеріп, жіті қараған екен. Автобус тұрған орында май іздері әлі жатыр. Жалпы, ауылдастарының айтуынша Мақсат Пернебеков техниканы қанттай етпейінше жолға шықпайтын дейді.

Ал, онымен бірге көмекші ретінде шыққан Нұржан Қырғызбаев әйелінен ажырасып, осы ауылда інісімен бірге тұрған. Автобуста өрт шыққан сәтте осы Нұржан отырған екен тізгінде. Ал, үшінші серіктері Барат Таңатов ресейден көлік әкелу үшін ілесіп шыққан. Бараттың үлкені 20 кішісі 6 жасар 7 бала-шағасы әкелерінің өртене жаздағанын жаңалықтардан білген екен.

“Бала-шағаның бәрі сол телевизордан көріп отыр ғой. Жаңағы аты шығып жатқанда бәрін. Телевизордан көреді ғой осынша бала. Қорыққанда енді айттым енді папаларың тірі екен, жыламаңдар, келеді деп айттым. Сөйтіп көндірдім бәрін. Басқа қолымнан келер шара жоқ қой”, – дейді Барат Таңатовтың әйелі

Еске салсақ, қаңтардың 18-і күні Сарыағаштан шыққан автобус Ақтөбе облысында отқа оранған еді. Ол кезде автобус ішінде 57 адам болған. Олардың тек 5-уі ғана тірі қалса қалған 52-сі сол замат өртеніп кеткен.

Тірі қалған екі өзбекстандық еліне қайтарылса, күйік шалған үш отандасымыз Ақтөбеде ауруханада. Олардың палатасына күзет қойылған. Ал, олардың отбасыларына Қақпақ ауылының әкімідгі мен кәсіпкерлері үйлеріне оралғанша көмек көрсетиуді мойындарына алып отыр. Екі елдің құзырлы органдары болса өзбекстанда тұрады делінген автобус иесі Ордухан Мехтиевті әлі іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы барлық рейстік автобустар тексерілетін болды

Ақмола облысы тас жолында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар автобус құтқарылды

Елімізде заңсыз ит етін сатып, одан тағам жасайтын мейрамханалар көбейген

Экс-министр Бишімбаевқа қатысты жаңа айыптау актісі оқылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар