Елімізде заңсыз ит етін сатып, одан тағам жасайтын мейрамханалар көбейген

Ит жылында ит сатқыштар көбейіп жатыр. Тіпті оны ашықтан ашық ғаламторда да жариялайтын болған. Осы аптаның өзінде 2 оқиға болды, деп хабарлады “Еуразия” бірінші арнасы.

Заң бойынша, жануарлардың, соның ішінде төрт аяқтылардың өміріне қастандық қылғандар жазаланады. Заңды белден басып жеті қазынаның бірін саудаға салып жатқандар мен алып жатқандар кімдер?

Біздің елімізде корей мейрамханалары бар. Аз емес. “Еуразия” арнасының журналисі солардың біріне кіріп, олардың қандай еттен тамақ әзірлейтінін, әрі оны қайдан алатынын білуге тырысып көрді.

Сонымен ит етінен жасалған тағам мәзірде болмай шықты, бірақ сұрасаң тауып береді. Даяшы иттің етін қайдан алғанын айта алмады. Бірақ, оның жаңа сойылғанын жеткізді. Ұсыныс бар, демек сұраныс та болады.

Желіде тараған видеода сатушы етке сатпақ итті 8 мың теңгеге бағалап отыр. Жануарлардың өміріне бей-жай қарамайтын жандардың сөзінше, олар сатушыларды әдетте ғаламтор арқылы табады. Сөйтіп, сатып алушы ретінде сол маңға барады. Ақшасын беріп, итті алады. Мақсат – оны жеу емес, қайткен күнде аяусыз жандардан аман алып қалу.

Тиын табам деп, тәртіпке бағынбай жүргендердің дені – жасөспірімдер дейді еріктілер. Өйткені олардың ісі тек жануарды құтқарумен бітпейді. Тауарды иемденгеннен кейін олар жүгенсіздерді тәртіпке салу үшін тәртіп сақшылармен бірге сатушының үйіне қайта келеді.

Алайда, кәмелеттік жасқа толмағандардың тірлігін балалыққа балап, полицейлер жағдайды жылы жауып қояды. Бірақ, күнде осындай келеңсіздікпен кезігіп жүрген еріктілердің айуынша, олар мұндай қадамға өз еріктерімен бармайды.

«Телефон арқылы мен бір ер азаматпен 4 рет сөйлестім. Алайда, иттің етін пұлдауға 13-14 жастағы екі бала келді. Мұны олар өз еркімен істеуі ақылға қонымсыз. Өйткені, полицейлер оларды іздеп барғанда үйлерінде ата-анасы, әжесі бәрі болды. Демек, осының бәріне үйдегі үлкендер кінәлі. Балаға дұрыс тәрбие беріп отырған жоқ» – дейді жануарларды қорғаушы ерікті Жанна Қасенова.

“Пайда көзін іздеген кәсіпкерлердің көзіне көшеде қарғы баусыз қаңғып жүрген төбеттер түсіп жүрген жоқ па екен?” деп күдіктендік. Олай дейтініміз, қоқыс жәшіктерін торуылдап жүретін ит-мысықтарды қаланың кез келген жерінен көре аласыз. Ал, оларды аулап, етін пайдаланатындар тіптен қауіпті. Өйткені, сатылған иттердің барлығында бірдей ешқандай құжат болмаған.

«Ереже бойынша сол иттердің құжаттары болуы тиіс. Медициналық кітапшасы болуы керек болатын. Оның құжаттары ешқандай болмаған. Ол қазір әрі қарай тексеруге жатады» – қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.

Ал, харам етті асына айналдыратын кейбіреулер оны ауруларға пайдасы болғандықтан, тұтынатындықтарын айтып ақталып жатады. “Иттің етін жесең, тұмау болмайсың” деген қаңқу сөз де ел арасында таңсық емес. Туберкулезден де айықтыратын осы иттің еті деп айтатындар да бар.Ал, кәсіби мамандар бұл фактілерді жоққа шығарп отыр.

«Қазақ өзінің мәдениеті бойынша иттің етін жеу деген жоқ. Сондықтан оған баға беру ветеринарлық сараптама жасау деген біздің заңнамалар бойынша белгіленбеген. Яғни оны зиян деп те, пайдалы деп те айта алмаймыз.Өйткені ол туралы ғылыми зерттеу нәтижижелерін көрген жоқпыз», – дейді Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринарлық шаралард ұйымдастыру басқармасының басшысы Амангелді Ешмұхамедов.

Қазақ бұрыннан итті адамға адал дос көрген. Халқымыз тіпті оны жеті қазынаның бірі санағанмен, зиянды жақтарына көп көңіл бөлген. Сол себепті иттің етін жеуді жарамсыз санап, одан аулақ жүруге тырысқан. Ал, төбетке тәбеті тартып тұратындарды көп қазақтың түсінуі екіталай. Оны ұнатпайтын адамына «иттің етінен жек көремін» деген тұрақты тіркестен-ақ аңғара аламыз.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында бірнеше адам аязда үсіп өлді

Қазақстан Ауғанстандағы террорлық шабуылды айыптады

Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Қазақ қызы “сварщиктер” жарысында 500 жігіттен озып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар