Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы тас жолында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар автобус құтқарылды

Ақмола облысының тас жолында тұрып қалған Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар автобус құтқарылды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД хабарлады.

Өткен түнде кезекші полицейлерге Астана-Петропавловск тас жолында «Петропавловск-Сарыағаш» жолаушылар автобусы тұрғаны хабарланды. Жолаушылар автобусы қатты аяз салдарынан жанармайы қатып қалып, жол бойында қалып қойған. Онда 2 жүргізуші ОҚО-лық және 43 Өзбекстан Республикасының азаматы болған.

«Жол бойына құтқару қызметкерлері мен полицейлер барды. Барлық жолаушылар мен жүргізушілер Шортанды ауданының Бозайғыр ауылындағы кәсіптік лицей ғимаратында жеткізілді. Онда оларға жылы кабинеттерге жайғастырылып, ыстық тамақ пен жататын орын берілді» , – деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Сол күні жол-патрульдік полициясы “Сетра” маркалы тағы бір жолаушылар автобусына көмектесті.

«Автобус салонында 2 жүргізуші мен 55 жолаушы болды. Барлығы Тәжікстан Республикасы азаматтары. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, түнейтін орын берілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аяз салдарынан Ақмола облысындағы бірнеше тас жолдар жабылды. Полиция қызметкерлері азаматтадың ұзақ жолға шықпауын өтінді.

Айта кетейік, 18 қаңтарда Ақтөбе облысы, Шымкент-Самара тас жолында ішінде Өзбекстан азаматтары бар автобус өртеніңп, 52 өзбекстандық қаза болған еді.

Тағы оқыңыз:

Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)

Сиви Махмуди өзінің қандай атақ алғанын білмей ұятқа қалды

Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасына дүркіретіп той жасады (фото)

Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді

Талқылау