Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі атыс салдарынан 10-нан астам адам ауруханада жатыр

Ақтөбедегі шабуыл кезінде 6 адам көз жұмып, оннан астам адам зардап шеккен. Өз кезегінде, шабуылдаушылар ішінде төртеуінің көзі жойылып, 7-уі ұсталған еді. Олардың екеуі жараланған.

8877389

Сурет: @ Юрий Абрамочкин

Бұл туралы жедел медициналық көмек ауруханасының травматолог дәрігері Байрам Жұмағалиев 24 арна эфирінде мәлімдеді.

Ақтөбе ауруханасында оқты қарумен, травматикалық шокпен жараланған 10-нан астам адам жатыр.
«Науқастардың жалпы саны – 13, олардың 11-і стационарда, қалғаны үйіне жіберілді. Олар жеңіл жарақат алғандар. Сондықтан оларды үйіне жібердік. Қалған 11 науқас осында тиісті емін алып жатыр. Ауыр жарақат алғандар жансақтау бөлімінде жатыр. Олар отты қару салдарынан ішінен, оң жамбасынан жарақат алған», – дейді ол.

Бұған дейін Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқанын хабарлаған едік. ІІМ Ақтөбедегі атыстың жай-жапсарын анықтаған еді.

Талқылау