Ақтөбеде полицейлер наразылық акциясына шықты

Сенбі, 7 Қаңтар , 2017 11:39

Ақтөбеде полицейлер жергілікті полиция қызметінің бастығы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шұқановты қолдау үшін облыстық прокуратураның алдына наразылық акциясына шықты.

65b0ceba52513a10f0e9fd9fb55c50d9

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Прокуратура жоғары лауазымды тұлғаларға қарсы іс қозғаған. Оларға 2016 жылдың 5 маусымында болған лаңкестік оқиғасы кезінде әрекет етпеген деген айып тағылды. Естеріңізге салайық, Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік оқиғасы болды. Террористер тобы қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Автобусты басып алып, Ұлттық ұланның әскери бөліміне басып кірді.

Ақтөбе полиция қызметінің бастығы Мақсат Шляшевке және оның орынбасары Ермек Шұқановқа қатысты әрекет етпеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгін полиция қызметкерлерінің туыстары мен әріптестері облыстық прокуратураның алдына жиналып, назарылықтарын білдірді. Олар прокуратураның бұндай әділетсіз шешімімен келіспейді. Тергеу мәліметінше, террористер әскери бөлімге шабуыл жасаған сәтте полицейлер оқиға орнына келіп үлгерген, алайда әрекет етпеген. Сол кезде автобус бөлімнің қақпасын соғып өткен. Қылмыскерлер әскерилерге оқ жаудырып, әскери бөлімнің артқы қақпалары арқылы қашып кеткен.

3BDFD0DE00000578-4092190-image-a-18_1483640487870

Жергілікті полиция басшылығы нұсқаумен әрекет етіп, террористерге оқ жаудыруға бұйрық бермеген.«Полицейлер ҚР ІІМ №10 бұйрығымен бекітілген нұсқауға сәйкес әрекет еткен. Әскери бөлімге келіп, оқиға орнын қоршауға алған. Бейбіт азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізген. Олар өз қызметкерлерін сол жерге жіберуге тиісті емес еді. Бұл патрулдік-бекет қызметі. Нұсқау бойынша белгілі бір жерді күзетуге ғана міндетті. Ал, операцияны «Арлан» арнайы қызметі жүргізуі тиіс. Егер ол қызметкерлерін террористерді қууға жіберсе, оқтың астында қалар еді», – деді күдіктінің әкесі Самат Шляшев.

Прокуратураның тергеу жүргізгеніне жарты жыл болған. Айыпталушылардың туыстары істі әдейі созып жатыр деп есептейді. Осы уақыт ішінде оқиғаға кезінде жауапты болған шенеуніктердің барлығы басқа қалаларға ауысып кеткен.

5a8911cadc5fb3edffa28ad93bee3d1c

«Осы оқиға кезінде қызметте болған басшылықтан қазір ешкім қалмаған. Бәрі басқа қалаларға ауысып үлгерген. Өйткені олардың министрлікте туыстары бар. Ал, біздің күйеуіміздің ешкімі жоқ. Олар қарапайым учаскелік полицей, қызметті сержант болып бастап, бүгінгі күнге өз еңбектерінің арқасында жеткен. Күн-түн демей, жұмыс істеді. Енді ақыр соңында оларды бәріне кінәлі етіп көрсетпекші», – деді күдіктінің жұбайы Сандуғаш Шляшева.

c66d2c9aa147940d77c8aed7637adc31

Еске сала кетейік, 5 маусымда болған лаңкестік оқиғасы кезінде сегіз адам – үш әскери қызметкер және бес азаматтық тұлға қайтыс болды. Жеті әскери қызметкер және он екі полицей жарақаттанды. Он сегіз террорист қаза тапты. Тоғыз адам ұсталды.


Жіберіп алмаңыз:

ШҚО тұрғыны бір жыл бойы туған жиендерін зорлап келген

Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген

Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар