Ақтөбеде мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған 24 жастағы жігіт өз кәсібін ашып алды

«Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға болмайды. Алдыңа мақсат қой да соған ақырындап жетуге тырыс. Бос жүрме». 24 жастағы ақтөбелік кәсіпкер Рафаэль Айтжановтың ұстанатын қағаидасы осындай.

Сурет: Ақтөбе газеті

Бұл туралы Ақтөбе газеті жазады.

Рафаэль — еңбекқор жігіт. Бала кезінен еңбекке ерте араласқан. Қазір қаланың Заречный ауданында кілем жуатын шағын цехы бар. Ол жерде өзімен бірге туыс інісі жұмыс істейді. Ашылғанына жылдан асқан цех жұмысына сұраныс көп.

Рафаэль Ақтөбедегі №53 мектепте білім алып, Ақтөбе политехникалық колледжіне оқуға түседі. Оқып жүріп жұмыс істейді. Мейрамханаларда даяшы болады, құрылыс компанияларында түрлі жұмыстарды атқарады. Оқуды аяқтаған соң Қазақ-орыс халықаралық университетіне түсіп, программист мамандығын алып шығады. Бірақ мамандығына сай жұмыс таба алмапты.

«Жұмыс таппаған соң әртүрлі іспен шұғылдандым. Қаладағы бір компанияға сатушы болып жұмысқа кірдім. Үйлерді аралап жүріп америкалық «Кирби» шаңсорғышын саттым.  Тұрғындардың көпшілігі шаңсорғышты кілем жуу үшін сатып алып жатты. Осыдан кейін ойыма ой түсті. Сұраныстың бар екенін байқадым», — дейді Рафаэль.

Алайда цех ашу үшін қаражат керек. Рафаэль «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына хабарласады. Сөйтіп, екінші деңгейлі банктің бірі арқылы сегіз пайыз үстемеақымен 680 мың теңге несие алады.  Қажетті құралдарды қаладағы бір компаниядан сатып алады. Қазір цехтың жұмысын көмекші інісімен бірге жүргізіп отыр. Рафаэльдің жоспары көп. Болашақта цехты үлкейткісі келеді.

«Тұрғындардан сұраныс бар. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасаймын. Дегенмен әлі де шыңдалу керек. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Технология күн сайын өзгеріп жатыр. Кілемнің де түрі көп. Бүгін жібек кілем шықса, ертеңіне сол жібектің басқа түрі шығады. Ал оны жуатын сұйықтықтар да әр түрлі болады. Қарапайым көрінгенмен кілем жуудың да өз талабы бар. Ресейдің және  Астана мен Алматы қалаларындағы ірі химиялық тазалау  орталықтарымен хабарласамын. Олардың жұмыс істеу технологиясын сұраймын. Осылай тәжірибе алмасамыз», — дейді жас кәсіп иесі.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалғандардың туыстары өз шындықтарын айтты

ІІМ Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобустағы өрттің себебін атады

Автобус иесі Ақтөбедегі өрттен кейін Қазақстанға келіп, жағдайды ауызекі біліп қайтқан

Ақтөбедегі өрт: Аман қалған бес науқасқа ауруханада қарулы күзет қойылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар