Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен жігіт халықтың үрейін ұшыруда

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 22:21

Ақтөбеде қоқыс жәшігі маңын паналаған қаңғыбас тұрғындардың мазасын қашырды. Ол тал түсте дамбалын шешіп, ойына келгенін істейді екен. Оғаш қылықтарынан қорыққан жұрт талай мәрте түрлі мекемелерге хабарласқан. Бейімдеу орталығындағылар бірнеше рет алып кеткенімен, онда да ұзақ тұрақтамапты. Ақыл-есі кем жігітті оқшаулауға психдиспансердегілер де асығар емес, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1

Шаңқай түсте шалқиып жатқан бұл жігіт қоқыс алаңын тұрақты мекеніне айналдырған. Осы жерден тамағын тауып жеп, алысқа ұзамайды. Адамнан гөрі, қоқыс жәшіктерімен тілдескенді құп көреді. Ең сорақысы, тапа-тал түсте жансыз заттармен жұрт көзінше жыныстық қатынасқа түседі екен.

“Дамбалын шешіп, мына қоқыс жәшіктерімен білгенін істейді. Айтуға аузың бармайды. Жәшіктерді адам деп ойлайтын сияқты. Темірді құшақтап, кейде сонымен ұрсысып жатады”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Кристина Платонова.

Қаңғыбас өзін Тимур Лян деп таныстырды. Жасы 35-те екен. Өзінен 20 жас үлкен әйелмен некеде болғанын айтады. Бірақ онысының рас-өтірігін ешкім білмейді.  Ақыл-есі кем жігітке тұрғындар аяушылық танытқанымен, балалары үшін алаңдайды. Қоқыс төгуге келген кішкентайларды жазым қыла ма деп қорқады. Сөйтіп, бейімдеу орталығына да бірнеше рет тапсырған екен. Бірақ онда да ұзақ тұрақтауға рұқсат жоқ.

“Ол жігітті жақсы білеміз. Бірақ заңға сәйкес ақыл-есі кем адамдарды орталықта қалдыра алмаймыз. Бізде болған кезде ауруы қозады. Психбригаданы шақырып едік, олар қоғамға қауіпі жоқ деп кетіп қалды”, – дейді Ақтөбе қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары Жалын Молдағалиев.

Осылайша, психдиспансердегілер науқас жігітті қабылдағысы жоқ. Құжаты болмаған соң бастарын ауыртқылары келмейді. Әлеуметтік бейімдеу орталығындағылар олардың бұл қылығына ашуланып, Денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған екен. Ондағы шенділер жындыдан да асып түсті. Яғни, шара қолданудың орнына есі кем адамнан қайдағы жоқ анықтамаларды жинауды талап етіпті.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы ауруханасында қайтыс болған бүлдіршіннің анасы бұған дәрігерлерді кінәлауда

Елімізде банкке берешекті толық төлемеуге рұқсат етілуі мүмкін

Шымкентте “Шымкент аруы — 2016” байқауының жеңімпазы анықталды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бир кішкентай бала ға зияны тигизбесе жарар еди

  • Сания says:

    Маскара.Кангыбастан аныктамалар талап еткен денсаулык сактау баскармасына не деуге болады.Сумдык жауапкершиликтен кашкан гой.

  • Анонимно says:

    Нағыз педафилдер осындайлардан шығады.Кішкентай балаларынызға абай болыныздар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар