20 жастағы студент қыз “Шымкент аруы — 2016” байқауының жеңімпазы анықталды

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 23:30

Бүгін, қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театры “Шымкент аруы — 2016” ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһарымыздағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты.

0

Бұл туралы “Отырар.kz” хабарлайды.

Айта кетерлігі, 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін пәш етті. Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеңнің қорытындысына сай үш номинация бойынша жеңімпаздар таңдап алынды. Осы реткі байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды.

Осылайша қазылар шешімімен “Шымкент аруы — 2016” байқауының жеңімпазы Бекжігіт Тоғжан, І-ші вице мисс Файзулла Айыпжан, ІІ-ші вице миис Дайана Сәдуақасова атанса, көрермен көз айымы аталымы бойынша Салима Бейсенғалиева жеңіп алды.

Аталған байқау жеңімпаздарына 165 мың тг көлемінде жүлде қоры белгіленген. Бұл реткі сұлулар сайысының бас жүлдегері алда өтетін республикалық “Қазақстан аруы” байқауына жолдама алды.


Жіберіп алмаңыз:

Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?

Нұртас Адамбай елге «жұбайын» көрсетті (фото)

Кремльде ән салған Мейрамбек Беспаев туған еліне алғыс айтты (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар