Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дүлей дауылдан құрлыс краны құлап,көпқабатты үйдің балкондары опырылып түсті(фото)

Ақтөбеде қатты жел тұрып, айналдырған 5-10 минуттың ішінде талдар құлап, үйлердің шатырлары ұшып кетті.

IMG-20170703-WA0018-e1499072596846

Батыс-2 ауданында құрылыс краны құлап, көпқабатты үйдің 6-8 қабатында үш балконды опырып кетті, деп хабарлайды aktobenews.kz.

IMG-20170703-WA0014

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлағандай, сағат 13-26-да кезекші қоңырау түскен. Адамдар зардап шекпеді.

Куәгерлердің айтуынша, бір құрылыс краны құлап екінші кранды жанап өткен. Екі кран үйге қарай құлаған.

IMG-20170703-WA0019

Сонымен бірге, Батыс-2 ауданындағы жаңа үйлердің бірінің шатыры құлап, автокөлік тұрағындағы көліктердің бірін басып қалған.

IMG-20170703-WA0016

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын ақтөбеліктерге СМС арқылы ауа райының 38 градусқа жететіні туралы хабарлама келген болатын. Алайда, дауылдың болатыны, жаңбыр жауатыны жайлы ескерту болмады.

Тағы да оқыңыз:

Отандық сағаттар шығарған жас бизнесмен су, электр және адам ресурсын үнемдейтін жылыжай салуда

Ақтөбелік келіншек «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп қарияның алтын сырғасын шешіп алған

Бауыржан Байбек алғаш рет айдай сұлу келіншегін ел алдына алып шықты

Талқылау