Ақтөбелік келіншек «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп әжейдің алтын сырғасын шешіп алған

Дүйсенбі, 3 Шілде , 2017 15:05

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚРҚК-нің (ұрлық) тармағына қатысты қылмыстық іс қаралды.

вн

Сотта жауапкер ретінде танылған азаматша Қандыағаш қаласында сенімге кіру арқылы жалғызбасты қарияларды құрбан қылып, ұрлық жасаған, деп жазады aktobenews.kz.

Сотталушы Қандыағаш қаласында жалғыз тұратын қарияны сөзге тартып, әңгімелесу арқылы сеніміне кіреді. Оның сөмкесіндегі банк карточкасын және үстел үстінде жазулы тұрған пин-код нөмірін, алтын сырғаны жасырын ұрлап алған.

Әйел банк карточкасынан 43 000 теңге шешіп алып, ломбардқа алтын сырғаны 10 000 теңгеге өткізген. Оңай тапқан 53 000 теңге олжасын өз қажетіне жұмсап жібереді.

Сотта жауапкер ретінде танылған азаматша бұдан бөлек бірнеше адамды сан соқтырған болып шықты. Ол алдау арқылы бейтаныс адамның үйіне кіріп, құлағындағы алтын сырғаны көреді. Үй иесінің жасы үлкендігін пайдаланып «құлағыңызда құмырсқа жүр» деп алдап, екі сырғасын шешіп алады. Әйел олжасын ломбардқа 25 000 теңгеге өткізіп  жіберген.

Сотта жасаған қылмыстары үшін өкінетінін айтқан әйелге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның мүлкі тәркіленеді. Сотта белгілі болғандай сотталушы осыған дейін 4 рет ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Синоптиктер шілде айы ыстық болады деп болжады

Қостанай тұрғындары аспаннан қорқынышты бұлтты көріп шошыды

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар