Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Алматыда Сайран көлінің жағасында демалушылар арасында төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1422465-Depositphotos_30587115_xl-2015-1498462751-650-4d51aaa837-1498851159

Демалушылар гитара үшін дауласып, кейіннен төбелесіп кеткен. Желі қолданушылары төбелестің видеосын жариялай бастады. Авторлардың бірі видеода полиция қызметкерінің төбелесіп жатқандарды тәртіпке шақырмай сырттан қарап тұрған полицейді сынға алды.

Полиция қызметкерінің төбелеске не себепті араша болмағанына қатысты Алматы ІІД пікір білдірді.

«Полиция қызметкерінің араласпау себебіне келсек, ол біріншіден қарусыз болған. Екіншіден, ол арнайы ереже бойынша әрекет етті. Тез арада қосымша күш шақырды. Соның арқасында төбелесті одан әрі ушықтырмай тоқтату мүмкін болды», – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Төбелес шығарғандар ұсталып, полиция бөлімшесіне жіберілді. Олардың бірі ОҚО-да алаяқтық үшін іздеуде болған. Төбелес салдарынан жарақат алған 10-нан астам адам медициналық көмекке жүгінді.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлердің салғырттығынан бір көзі соқыр болып қалған үшемнің сыңары көре бастады

Астанада туу туралы және адам өлімі туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады

Түсіпбаева: Сымбатты жас қыздарды көргенде өзімді жек көріп кетем

Талқылау