Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде егіз қызы бар келіншек 20 күннен бері табылар емес

Ақтөбеде егіз қызы бар 24 жастағы  келіншек Айдана Мұхаммеджанова іздестіріліп жатыр.

Айдана Мұхаммеджанова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Ол 28 тамыздан бері хабарсыз кетті. Сол күні жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Егіз қыздардың анасы.

Енесінің айтуынша, Айдана 3-4 жылдан бері балабақшада жұмыс істейді. Отбасына келін болғанына 7 жыл болған. Аздаған ұрыс-керісте үн-түнсіз кетіп қалатын әдеті болған. Бірақ ондай кезде қыздарын өзімен алып кететін.

Егіз қыздары 3 жаста. Ата-енесі полицияға арыз жазып, қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау