Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бауыр дертіне шалдыққан сәби ауыр хәлде жатыр

Ақтөбеде бауыр дертіне шалдыққан сәби ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер туа біткен бауыр ішілік өт жолдарының бітеулігі диагнозымен ем алып жатқан жеті айлық баланың бауыры тез арада ауыстырылмаса аман алып қалу қиынға соғады дейді.

Екі айынан бастап тек аппаратпен өмірін  ұзартып отырған нәрестенің ендігі үміті доно, деп хабарлайды 31 арна.

Шынар Қоштанбекова жеті айлық сәбиі дертінен айығар деп күн санап үміттенеді. Өмірге келген екі айынан бастап дәрігерлер оған  бауырының дұрыс жұмыс істемейтінін айтқан. Ота да жасалыпты. Алайда қазір балаға беріліп жатқан ем мен жасалған отадан соң да бүлдіршіннің жағдайы жақсара қоймаған. Тек аппараттың күшімен жатқан сәбиге бауырын алмастыру үшін тез арада донор қажет.

“Бір мейірімді адамдар болар, менің баламның өміріне араша түсетін, қазіргі таңда. Жылайды, енді, әрбір күнімді қорқынышпен өткізіп келе жатырмын. Мәйіттік донор бәріне очередьке қойып тұр, ол қашанға дейін күтіп отырам мен? Қазір баланың бауыры жасамайды деп жатыр, мүмкін адамдардың арасынан жақсы адамдар шығып қалар, көмектесер деген үмітпен хабарласып тұрмын”, – дейді нәрестенің анасы Шынар Қоштанбеова.

Дәрігерлер өмірге келгеніне небәрі жеті ай ғана болған сәбиге туа біткен бауыр ішілік өт жолдарының бітелуі деген диагноз қойған. Айтуларынша, қазір баланың хәлі өте нашар. Бауырын алмастыруға ата -анасының қан тобы сәйкес келмеген. Дәрігерлер баланың өмірін тек бауыр алмастыру арқылы ғана арашалап қалуға болатынын айтады.

“Бала консервативтік емді толық қабылдап жатыр. Оның тиімділігі өте төмен. Анасының, әкесінің қан топтары балаға келмеді. Сәйкессіздік. Донор табылған жағдайда баланың өмірін ұзартуы мүмкін конечно, қосымша ем қажет етеді”, – дейді емдеуші дәрігер Гүлжан Төлегенова.

Өмірі қыл үстінде тұрған сәби республикалық донорлар реестріне тізімге алынған. Алайда күн санап сәбиінің өміріне алаңдайтын ананың көңілінде  кезек жеткенше ұлымнан айырып қаламын ба деген қорқыныш басым.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда бір шелек көмір ұрлап айыпталған әйелге кәсіпкерелер 1 машина отын түсіріп берді

Ақтөбеде кеңсе күзетшісі ұрлыққа түскен қарақшылардан қорқып, тығылып қалған

Алматыда іздеуде жүрген күдікті апалы-сіңілі екі әйелді жауыздықпен өлтіріп қашып кеткен

Талқылау