Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әйел 5 ұлдан кейін алып қызды дүниеге әкелді

Ақтөбеде салмағы 6 келі 350 грамма болатын алып қыз дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде әйел 5 ұлдан кейін алып қызды дүниеге әкелді

«15 шілдеде бізде қыз бала дүниеге келді. Салмағы 6 келі 350 грамм, бойы 63 сантиметр болады. Әйел табиғи жолмен босанды. Анасы мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлықтай. Сәби отбасындағы алтыншы бала», – дейді Ақтөбедегі перинаталдық орталықтағылар.

Ақтөбеде мұндай үлкен салмақтағы сәби бірінші рет дүниеге келді.

Ол – Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың отбасында 5 ұлдан кейін туылған бірінші қыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау