Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус жолаушылары оқушы қызды зорлағалы жатқан ер адамды полицияға ұстап берді

Қызды зорлықшының қолынан құтқарып қалған туралы оқиға әлеуметтік желіні шарлап кетті. Онда оқиғаның 8 қазан күні 19.20 шамасында болғаны айтылады.

1020386727

Фото: ru.sputnik.kg

“Достар, кеше ерекше оқиғаның куәсі болдым. Бұл қыз үшін қайғылы жәйт. Оны аз болмағанда өлтіре жаздады немесе қызды зорлағысы келді. Қыз адамдар жүріп жататын тас жолға шығу үшін барын салды, ал анау оңбаған оны шұңқырда күштеп ұстауға тырысуда. Осы кезде автобус жүргізушісі бірден тоқтап, автобустағы адамдар қызға қарай жүгірді. Жігіттер әлгі адамға жетіп, оны ұра бастады. Кейін полицияға хабарласты,” – деп жазады оқиғаның куәгері Инстаграмдағы zello.aktobe парақшасында.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сәтті аяқталған. Абырой болған мектеп оқушысына аса қатты зақым келмеген. Денсаулығы бірқалыпты. Бірақ, жүргізушіге тоқтама деп, тездетіп сапарды жалғастыруды талап еткен адамдар жазба авторының ашуын туғызыпты.

Пікір қалдырушылардың айтуынша, оқиға қала сыртындағы Заречный ауылының маңында болған.

Оқи отырыңыз:

Астана тұрғыны қымбат Tesla көлігін бар-жоғы 5 мың теңгеге иемденді

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Синоптиктер алдағы 3 күнде Қазақстанда күн күрт суытады деп болжайды

Қарағандыда әкімдіктің алдына жылқы баққан адамға айыппұл салды

Қарапайым асханадан тамақтанған Семей әкімін желі қолданушылары сынға алды

Күйеуінен оңбай таяқ жеп, адам сенгісіз қорлық көрген әйел халықтан көмек сұрады

Талқылау