Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде автобус жүргізушісі зорлаушыдан қызды қалай құтқарып қалғанын айтып берді

Ақтөбеде автобус жолаушылары студент қызды зорлықтан құтқарып қалды.

фф

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Арам ойлы ер адам қызды куәгерлердің көзінше зорламаққа талпынған. Қуанышқа орай дер кезінде жолаушылар келіп көмекке ұмтылған.

“Біздің көзімізше ол қызды шашынан ұстап құлатып алып, құшақтамақ болды. Оның арам ойы болғаны анық. Қызды құтқарып қалдық. Ол әбден шошынып қалыпты. Әрең басу айттық. Кейін туыстарына хабарласып, оны алып кетуін сұрадық”, – дейді жүргізуші.

Қыздың соңынан жүрген ер адамның жүрісі де суыт болған. Ол осылайша автобус жүргізушісінің де күмәнін тудырған. Осыдан соң қызды бас салыпты. Ринат Сырбаев автобусты тоқтатып, көмекке ұмтылған. Шабуыл жасаушы жасырынбақ болған. Ашулы жолаушылар оны ұстап алып, соққының астына алды. Одан әрі не болғаны белгісіз.
ІІД өкілдері бұл жайлы бейхабар болып шықты.

Бұған дейін Ақтөбеде автобус жолаушылары оқушы қызды зорлағалы жатқан ер адамды полицияға ұстап бергені жайлы хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Талқылау