Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 9 жасар қызға өзінің жыныс мүшесін ұстатқан мұғалім сотталды

Ақтөбеде үшінші сынып оқушысына өзінің жыныс мүшесін ұстатты деген мұғалім жеті жылға сотталды. Естеріңізге салсақ, осыдан үш ай бұрын Ақтөбедегі №16 – шы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектеп ішінде тоғыз жастағы қызға азғындық әрекеттер көрсетті деп айыпталған еді.

774003_900

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тергеу кезінде 24 жастағы ұстаздың нәпсіқұмарлық әрекеттері анықталған. Мектеп директорының айтуынша, азаматтың мектепке жұмысқа орналасқанына бір жыл да болмаған.  Және мектеп ұжымы жоғарғы оқу орынын қызыл дипломмен бітірген мұғалімнен мұндай әрекетті күтпегендерін айтады. Сот мемлекеттік айыптаушының сұраған сегіз жылын бір жылға қысқартты. Яғни сотталушының өкініші мен жақсы мінездемесін ескерген сот бүгін дене шынықтыру пәнінің ұстазын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

«Бексұлтан Бауыржанұлы Елемесов ҚР ҚК 124 бабының 2 бөлімімен кінәлі деп танылсын. Және осы бап бойынша бала тәрбиесіне байланысты, сондай-ақ, балабақшада, мектепте қызметтік жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді Ақтөбе облысының кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлыбек Ормаханов.

Жіберіп алмаңыз:

Алдағы күндері бірнеше облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Студентке кәсіп үйреткен тәлімгерге үстемеақы төленетін болады

Маңғыстаулық жігіт өзінен теріс айналған сүйіктісі мен оның інісін атып тастады

Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 20 жастағы жігітті қағып өлтірді

Талқылау