Ақтөбеде 52 адамның өмірін жалмаған автобус өртіне аман қалған екі өзбек азаматы себеп болған
Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары тірідей жанып кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты тергеу мерзімі тағы бір айға созылды. Құқық қорғаушылар осымен үшінші рет ұзартылып отырған қылмыстық істі тергеу амалдарының әлі де жалғасып жатқандығымен түсіндіреді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Алайда қамауда отырған үш жүргізушінің біреуі Мақсат Пернебековтің туыстары тергеуге аман қалған екі өзбек азаматының не үшін тартылмай отырғанына түсінбедік дейді. Айтуларынша, автобустағы өрт сол азаматтардың жанжалдасуынан кейін шыққан. Яғни таң алдында сөзге келіспеген екеудің біреуі көлік ішінде жанып тұрған жылытқышты теуіп, ол бензин құйылған ыдысқа тиген. Сонымен қатар Пернебековтің туыстары қазір автобустың техникалық жағдайына құжат дайындап бергендер де тергеуге тартылып жатқанын жеткізді. Ал, бұған дейінгі тергеу барысында жүргізушілер өз кінәларын мойындаған жоқ.
Тағы оқыңыз:
Ақмола облысында атышулы ауыл әкіміне қатысты қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды
Танымал ресейлік модель қазақстандық Алима Көпейге көмектеспек
Шымкентте жоғалып кеткен ақыл-есі кем жігіт табылды
Құлаған кран мен сынған терезе: Астанадағы дауыл Петропавлға жетті