Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тасқын судан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы бес емхана мен Қарғалы қалалық ауруханасының дәрігерлері уақытша паналау пункттеріндегі тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде.

IMG-20170417-WA0012-1

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

“Қазір қала мен қала аумағындағы ауыл-аймақтардағы медпункттер, емханалар, ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Апат болғаннан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың бұйрығымен барлық емдеу мекемелері іске кірісті. Қазір уақытша паналау орындарында күні-түні медбикелер кезекшілік атқарып отыр. Денсаулығына айтарлықтай нұқсан келіп, зардап шеккен азаматтар жоқ. Қан қысымы көтерілгендерге дер кезінде көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмектер берілді”, – деді Қарғалы аудандық ауруханасының бас дәрігері Алтынбек Жаңабаев.

Қазіргі таңда терапевт, хирург, психолог мамандар барлық пунктті аралап, медициналық көмек көрсетіп жатыр екен. Ал жедел жәрдем қызметтері апат болған аймақтарға жіберілген. Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен балалар ерекше бақылауға алынды.

“Қандай да бір белгі байқалса, мамандар науқасты дереу ауруханаға жеткізуге әзір. Жалпы зардап шекккендер негізінен психологиялық көмекке зәру. Психолог мамандар тұрғындармен кездесіп, кеңес беруде”, — деді бас дәрігер.

Зардап шеккен тұрғындарға тіркелген емханасына қарамастан барлығына бірдей көмек беріліп жатыр. Уақытша паналау орындарының барлығында медпункттер жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін өңірде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыздың билікке үндеу жолдағаны айтылған еді.

Бұған дейін су шайған мекендерді облыс әкімінің өзі аралап шыққан еді.

Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.

Оқи отырыңыз:

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті

АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр

Талқылау