Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында кәсіпкер асабаның ұялы телефонын қолды қылған

Кәсіпкер іс сотқа жеткенде ғана ұялы телефонды иесіне қайтарып берді. Ол сотта телефонған «қолы үйреніп қалғанын» және сол себепті қайтара алмағанын айтты, деп хабарлайды aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбе облысында «Қазметаллқұрылыс» ЖШС директоры Ермек Т. «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа тартылды. Сотталуы мен асаба болып қызмет көрсететін жәбірленуші Аслан А. бір ауылда тұрады екен. Олар бірге демалып, аздап ішімдік ішкен. Ермек Т. Асабаның  қоңырау шалу үшін асабаның телефонын сұраған. Мұнан кейін телефонды аідаусызда үйіне алып кетіпті.

Телефоны қолды болған асаба полицияға шағымданғаннан кейін ғана кәсіпкер құрылғыны қайтарған. Сотталушының сөзінше, ұялы телефонға «қолы үйреніп қалғандықтан», бірден қайтарып бере алмапты.

Сотта тараптар келісімге келіп, шығын толығымен қалпына келтірілді.

Оқи отырыңыз:

Нумеролог болжамы: Ақпан айында қазақстандықтарды не күтеді?

Ақтөбеде жүкті кезінде подъездерді паналап келген әйел сәбиінен бас тартты

Қарағанды облысында екі жасар бала қақап тұрған аязда әжесін балконға қамап қойған

Талқылау