Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нумеролог болжамы: Ақпан айында қазақстандықтарды не күтеді?

Биылғы жылдың ақпан айында аптаның әрі күні дәлме-дәл сәйкестікпен 4 реттен келеді екен.  Мұнда бір ерекше сыр барын білу үшін нумерологтың көмегіне жүгіндік.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Ізгі ой, ізгі ниетпен жасалған келісімдер сәтті болады. Адал еңбек ететін адамдар жыл бойы көтермеленіп, марапатталады. Ал ақпан айында арам ниетін жүзеге асырғысы келген адамдар соңында жазасын алады», – дейді нумеролог Бауыржан Жанабаев.

2018 жылдың ақпан айында аптаның әр күні 4 реттен келеді. Нумерлолгтар бұл уақыт кәсіп ашу, ірі келісім шарт жасасу және жылжымайтын мүлік алу үшін қолайлы екенін айтуда.

4 саны тұрақтылық пен теңдікті білдіреді. Сондай-ақ, ғалымдар да аталған санды шаршымен сәйкестендіреді. Ал шаршы геометрияда ең тұрақты фигура саналады.

Нумерология ілімі 4 санына бірнеше мағына береді: ол махаббатта жолы болу, материалдық жағдайдың жақсаруы және сауда-саттықтағы сәттілік. Сонымен қатар 4 саны алға жылжу ретінде қарастырылады. Ал ақпан айында 4 саны 7 реттен келетіндіктен, сәттілік пен табыстың арта түсері анық.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде жүкті кезінде подъездерді паналап келген әйел сәбиінен бас тартты

Қарағанды облысында екі жасар бала қақап тұрған аязда әжесін балконға қамап қойған

Шымкент тұрғындары шенеуніктермен кездесу кезінде төбелесіп қала жаздады (видео)

Талқылау