Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында екі жасар бала қақап тұрған аязда әжесін балконға қамап қойған

Қарағанды облысында құтқарушылар қақаған аязда үшінші қабаттағы балконда қамалып қалған әжейді құтқарды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, құқтқарушыларға күндіз Пришахтинскіде екі жасап баланың 65 жастағы әжесін баклонға қамап қойғаны жөнінде хабарлама түскен. Департамент мұндай жағдайдың көбіне ересектер балконға шыққанда, артынан жүгіріп келген кішкентай балалар абайсызда есікті жауып жіберетіндіктен орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ, мұндайда бала қараусыз қалып, қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін.

Аталған жағдайда баоа пәтерде қараусыз қалған. Ал әжесі газ пешке түскі ас қойып кеткен екен.

«Құтқарушылар егде жастағы әйелді балконнан алып шығу үшін, үшиінді сатыны қолданып, бекіністік құрал-саймандар арқылы балкон есігін ашқан», – деп мәлімденеді хабарламада.

Жеңіл киімде болған әжей қақаған аяз кезінде балконда жарты сағаттай уақыт тұрыпты. Алайда оған дәрігерлердің көмегі қажет болмады.

Сондай-ақ, баланың да жағдайы жақсы.

Оқи отырыңыз:

Шымкент тұрғындары шенеуніктермен кездесу кезінде төбелесіп қала жаздады (видео)

«Қалаулым» шоуында танысқан орыс жігіті мен қазақ қызы үйлену тойына дайындалып жатыр (фото)

Семейде атасынан мұра боп қалған мылтықтың кесірінен немересі айыпты болды

Алматы облысында ауыл тұрғындары мен мұғалімдер мектеп директорына қайта шағымдануда

Талқылау