Ақтөбе азаматы туысын емдей алмаған дәрігерді сотқа берді

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 22:31

Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккен жігіттің бетін бері қарату мүмкін болмай жатыр. Отыз жастағы Серік Жантікенов бір айдан астам уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір көзін ашқанымен денесі сал болып қалды. Дәрігерлер әрі қарай ешқандай ем-дом жасай алмаймыз деп отыр. Олардың бұл шарасыздығына науқастың туыстары ашулы. Бұлар дәрігерлердің үстінен тәртіп сақшыларына арыз жазып үлгеріпті.

Зіңгіттей жігіттің бір ай ішінде құр сүлдері ғана қалған. Осы уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатып, жақында ғана көзін ашты. Отыз жастағы Серік Жантікеновтың тамыры соғып тұрғаны болмаса, саусағының ұшын да қозғалта алмайды. Сөйлемейді де. Қазір дәрігерлер ем-дом жасауды тоқтатқан. Тіпті, туыстарынан оны үйге алып кетулерін сұрапты. Қарсы болған соң ғана палатаға қалдыруға келісім берген. Енді науқастың жақындары ақ халатталарды оған дұрыс қарамады деп айыптап отыр.

“Реанимацияда жатқаны 24-23 күні жатты. Біздерді кіргізген жоқ. Осы үшін талай айқай болды. Бұларда нейрохирург болу керек еді қарайтын практолог, уролог. Ана жатқан трубкасына дейін бір айлап ауысқан да жоқ”, – дейді науқастың әкесі Алмас Жантікенов.

Дәрігерлер одан әрі ем жасауға Серіктің денсаулығы көтермейді деп отыр. Әзірге оны комадан шығарып алғандарына шүкіршілік етеді. Бірақ беті бері қарап, аяғынан тұрып кетеріне сенбейді.

“Ақшолақов профессор біз сол кісіге көрсеттік осында. Оның пікірі, прогнозы дейміз ғой, болжамы жаман. Не болса да ол бала беті бері қарап түзелмейді деген сөз. Сөздің шынын айту керек”, – дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рахымжан.

Серік қазір аурухананың күтім бөлмесінде жатыр. Ешқандай ем алмаса да, оны шығарып жіберуге дәрігерлердің құқығы жоқ. Ал туыстары құр қарап отырғанша көмек берер білікті маман табармыз деген үмітте. Сондықтан жан-жаққа сұрау салып жатыр.

Серік Жантікенов осыдан бір жарым айдай бұрын жол бойында такси тоқтатпақ болған. Жарысып келген екі көлік бірінің артынан бірі соғып, ақыры жігітті жаншып өтеді. Сол соққыдан Серіктің сүйектері сынған. Миына қан ұйып қалған. Бұл оқиғаға қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйдің жертөлесін жалға беруге тыйым салынды

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына айыппұл салынды

Қырғыз-қытай шекарасындағы кедендік тәртіпті үкіметаралық комиссия тексермек

Алматы хайуанаттар бағындағы жануар дауылдың құрбаны болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар