Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Әнуар Нұрпейісов Алматыда шахмат орталығын ашты (видео)

Кітап оқымайтын қыздарды сынға алып, үнемі жастарды оқуға, білімге, ізденіске шақырып жүретін актер Әнуар Нұрпейісов Алматыда шахмат орталығын ашты.

ануар 120517

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шахмат залы бүгін, яғни 12 мамыр күні өз жұмысын бастайды. Әнуар Нұрпейісов ақыл-ойды дамытатын спорттың бұл түрін неліктен таңдағанын айтып берді.

“2011 жылы тағдырдың жазуымен мен шахматқа қайта оралдым, негізі онымен бала күнімде айналысқанмын. Содан бері Қазақстандағы шахмат спортының “асханасына” кіріп кеттім. Мен 2015 жылдан бастап Жансая Әбдумәлік атындағы шахмат Академиясының акционер-құрылтайшысымын, сондықтан маған шахмат әлемінің мүмкіншіліктері мен проблемалары жақсы таныс. Егжей-тегжейлі мәліметтерге тоқталып, сіздерді шаршатпай-ақ қояйын. Одан да елімізде шахмат спортын дамытуға арналған жаңа жобаны таныстырайын”, – дейді Әнуар Нұрпейісов.

Әнуардың айтуынша, шахмат ойынына кез келген адам келіп қатыса алады. Үйренгісі келетін жандар үшін есігіміз әрқашан ашық дейді қоғам белсендісі.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қытай асханасын жақсы көріп қалғанын айтты

Жарнама үшін жалаңаштанған Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға қалды

Мақпал Жүнісова: Суретке түскісі келетін тыңдарманды “мәдениетсіз” деу дұрыс емес

Мейрамбек Бесбаев еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

 

Талқылау