Димаш қытай асханасын жақсы көріп қалғанын айтты

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 16:39

Димаш Құдайберген Қытайдағы Синьхуа ақпараттық агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170327192045

“Мен музыканың көмегімен екі елдің мәдениетін жақындастырып, екі халықтың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтқым келеді», – дейді Димаш.

Қытайлық тыңдармандар Димаштың өнерін жоғары бағалады. Ол «Азияның ең танымал әншісі» аталымы бойынша Top Chinese Music Awards сыйлығын жеңіп алды. Бұл ретте отандастары Димашты мақтан тұтады.

«Ол халқымыздың мәдениетін әлемге паш етті. Бұл нағыз «жұмсақ күш», – деді ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Димаштың қайталанбас ерекше даусы, өзіне ғана тән мінезі, қытайлық продюсерлердің кәсібилігі, қытайлық көрерменнің өнерге деген талғамы, бағасы, дамыған әлеуметтік желілер және т.б. факторлар Димаштың танылуына зор ықпалын тигізді деген пікір айтылып жүр. Бұдан бөлек, жанкүйерлер Димаштың өз халқына деген махаббатына тамсануда.

Есте болса, жетінші кезеңде Димаш қазақтың халық әні «Дайдидауды», Құрманғазының күйі «Адайды» орындады. Аспан асты елі халқымыздың төл өнерін жатсынбады, бірден қабылдады.

«Тыңдармандарға бұл ән таныс емес болып көрінген жоқ, барлығы позитивтік тұрғыдан қабылдап, бұл әнге қызыққандар көп болды», – дейді Димаштың өзі.

Осының арқасында музыкада шек болмайтынына тағы да көзім жетті дейді әнші.

Талантты да қарапайым қазақ баласы қытай жастарының Қазақстанға деген қызығушылығын арттырды.

«Димаштың арқасында оның отаны туралы көбірек білгім келеді», – дейді 19 жастағы қытай қызы Лу Лу.

Сұхбат барысында Димаш Қытай елімен, мәдениетімен және асханасымен таныстығы жайында әңгімеледі. Әнші ащы тағамдарды ұнататындығын, сондықтан кейбір қытай тағамдарын сүйсіне жегенін мойындады.

«Қытайлар бір дегенде бірнеше тағамды алдыңа қояды. Дәл осы себепті бір уақытта бірнеше астың дәмін көруге болады. Бұл өзі қызықты процесс. Біздегідей алдымен бірінші, артынан екінші тағамды алып келмейді. Қытайды тағамдарды ретсіз жей беруге болады, әрқайсысынан аз-аздан дәм татып, тойып қаласың», – дейді Димаш.

“Екі елдің мәдениеті екі түрлі, әрқайсысының өз ерекшелігі бар. қытайлармен араласу барысында олардың қонақжай, қарапайым да, байыпты екендерін байқағаныма қуаныштымын», – дейді әнші.

Димаш «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында Астанада жеке концертін өткізеді. Бұл концерт – Димаштың ел ішінде және шет елдерде жасайтын турының бастамасы болмақ.

«Қытайда болатын концерттік турды асыға күтіп жүрмін. Ол күн де алыс емес деп үміттенемін», – дейді Димаш.

Жіберіп алмаңыз:

Ева Лонгория Димашты Парижде ән салуға шақырды

Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Әкесі: Димаштың жұрт білмейтін 20 шақты әні бар

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар