Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық 6 жасар қызды зорлағанды табуға көмектескенге 100 мың теңге бермек

Ақтау тұрғындары  6 жасар қызды азаптаған адамды іздеуде біріге бастады. Қаладағы кәсіпкердің бірі күдіктіні табуға көмектескен адамға қаржылай сыйлық тағайындап отыр. Бұл туралы белсенді азамат  Көлік жөндеу орталығының желідегі парақшасында жазды.

оңбаған

« Менің 10 жастағы қызым бар. Мен үшін бұл қылмыс ең ауыр кешірілмес әрекеттердің бірі. Сондықтан да мен өзімнің азаматтық көзқарасымды ашық айтып отырмын. Қылмыскерді табуға көмектескен адамға қаржылай сыйлықты полицияға көмектесу үшін емес, кәсібімді жарнамалау үшін емес беріп жатқаным жоқ. Тек осындай қауіпті адамның өзгелерге зияны тимес үшін ертерек ұстап, қоғамнан оқшауланса деймін»,-деп жазған  Көлік жөндеу орталығының қожайыны Александр.

қылмыскер

Ақтау тұрғындары  6 жасар қызды зорлаған күдікті түсіп қалған видеоны бір-біріне  таратуда. Онда күдіктінің «Иваныч» дүкені (қыз ойнап жүрген жерде орналасқан дүкен) ішіне кіріп, ештеңе алмастан  дүкен ішін шолып шығады.

Ақтау ІІБ қызды зорлауға күдікті осы видеодағы азамат болуы мүмкін екенін айтқан.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Ақтау қаласындағы №1 ықшам ауданда болған. 6 жасар қыз күндізгі уақытта жоғалып кетеді. Алғашында 2,5 сағаттай өздері іздеп таба алмаған соң ата-анасы полицияға хабар берген. Полицейлер қансыраған бүлдіршінді жағажайдың бірінен тауып, балалар емханасына жеткізген.

Осыдан соң полицейлер ізі суып үлгермеген бірнеше қылмыскерді қолға түсірді. Қылмысқа байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полицейлер ата-аналардан балалары жоғалған жағдайда өздері іздеп уақыт жоғалтпай дереу полицияға хабар беруін сұрайды. Ауыр қылмыс жасады деген  күдікті  арам ойын жүзеге асырған маңдағы дүкенге кірген екен. Онда ол бақылау камерасына түсіп қалған.

Талқылау