Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда зейнеткер көршісінің есігін нәжіспен былғап тастады

Ақтауда зейнеткер көршісінің есігін нәжіспен әбден былғап тастаған. Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.

505063406

Зардап шегушінің айтуынша, екеуара араздық зейнеткердің үйдің жөндеу жұмыстарына ақша беруден бас тартуынан басталған.

Әйел пәтерінде үш бірдей мысық ұстаған. Ал көршісі бұған ренжіп, мысықтар бүкіл подъезді ластап тастайды деп наразылық білдіреді. Бұған ашуланған зейнеткер көршісінің сыбағасын бермек болыпты.

“Кешкілік қызыммен өз қабатыма келгенде, есікке не болғанын түсінбей тұрып қалдым. Сөйтіп жақындап келіп қарасам, түгелдей нәжіс жағып кетіпті”, – дейді пәтер иесі.

Учаскелік инспектор арыз бен сурет дәлелдемені қабыл алып, істі сотқа жөнелткен. Бассыздық әрекеті үшін зейнеткерге 15 мың теңге айыппұл салынды.

Талқылау