Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда взвод командиріне балағат сөз айтқаны үшін 50 мың теңге көлемінде айып тағылды

Құқықбұзушы 6656 әскери бөлімінің командирі әскери міндеттерді орындау кезінде “К” есімді рота командиріне балағат сөздер айтқан. Намысына тиген сөздерге шыдамаған командир шағым жазған.

01011330

Бұл туралы STAN.KZ  Ақтау қаласы әкімдік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрындары әскерилер үшін жетекшілері тарапынан балағат сөздер есту қалыпты ағдай саналатын. Ал, қазір әскерилер әрбір сөз үшін жауап беру керектігін ұстанады. Осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысының 6656 әскери бөлімінде орын алды. Ақтаудың арнайы мамандандырылған әкімдік сотында “Н” есімді әскери борышын өтеушінің ісі қаралды.

Сот отырысы кезінде бөлім командирі бар кінәсін мойындап, бұдан былай ондай әрекетке бармайтынын айтты.
Құқықбұзушы айыпты деп танылып, ҚР әкімдік құқықбұзушылық заңының 1 бөлім, 652 бабына сәйкес 25 АЕК ретінде 49 550 теңге көлемінде айыппқл салынды.

Талқылау