Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда кооператив басшысы өзін балағаттаған 72 жастағы әжейді сотқа берген

Жанжал былтыр күзде басталған. Кооператив басшысы жұрттың көзінше өзін «алаяқ, ұры» деп атаған кемпірді сотқа берген болатын, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ақтауда кооператив басшысын балағаттаған әжей ақталып шықты

Дауды бірінші боп қараған қалалық сот басшыны қолдап, боқауыз сөйлеген қарияға 60 мың теңге айыппұл салған-ды. Алайда, тұрғын соттың бұл шешімімен келіспей, іс облысқа жеткен.

Кейуананың айтқан сөздерін аймақаралық сот медициналық сараптама орталығындағылар әбден зерттеп, нәтижесінде боқауыз емес деген қорытынды шығарыпты. Сөйтіп, зейнеткер ақыры ақталып шықты. Десе де, 72-дегі қария өз сөзінен танбай отыр. Айтуынша, кооператив төрағасы барып тұрған алаяқтың өзі екен.

“Бәрі оны балағаттап жатты. Мен де ұрысың, алаяқсың деп айқайлады”, – дейді әжей Венера Попов.

Тағы оқыңыз: 

Ғалымдар: Шоколад көру қабілетін жақсартады

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резинасы қолына бітіп өсіп кеткен

Ата-аналар бөксесі өте үлкен етіп жасалған қуыршақты көріп шошыды

Талқылау