Ақтауда әйелімен жанжалдасқан ер адам абайсызда балконнан құлап мерт болды
Ақтауда 36 жастағы ер адам үйінің балконынан жерге құлап мерт болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 7 маусым күні түнде болған, деп жазады lada.kz.
Көршілері бастапқыда үйінен ер мен әйелдің жанжалын естіген. Кейіннен әйелдің жедел жәрдем шақырған даусын естіпті. Оқиға орнына бірінші полицейлер келіп жетті. Дәрігерлер келгенде ер адам өлі күйінде болған.
Мамандардың айтуынша, көз жұмған ер адам мас күйінде болған. Көршілері ер адамның балконына асылып тұрғанын айтады. Әйелі оның кері қарай тартқанымен күйеуі төменге құлап кеткен. Оның денесі мәйітханаға жіберілді.
Тағы да оқыңыз:
Оралда 4 адам көз жұмған жол апатында марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)
Алматыда 23 жастағы қыз жаңбыр суына толған арыққа батып кетті
Солтүстікте тауарын алмаған зейнеткерді екі сыған әйел сабап тастады
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"