Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ұрлап әкетіп зорлаған 6 жасар бүлдіршін ауыр халде жатыр

Облыстық емханаға жарақатымен жеткізілген бүлдіршін қазір ессіз күйде жатыр. Бұл туралы балалар емханасының бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова айтып берді.

ауыр-халде

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бас дәрігер оның соққы алғанын, зорланған белгілері барын айтады.

«Қазір қыздың жағдайы ауыр. Қажетті тексерулерден өткіздік. Қыз бала аяусыз зорлыққа түскен», – дейді дәрігер.

«Ол қазір ессіз күйде жатыр. Оның ми жүйесін қалпында сақтау үшін оны есін жиғызбай отырмыз. Ол зорлықтан бөлек күн астында көп уақыт қалып қойған. Бүлдіршін бірнеше соққы алған», – дейді Кәмшат Тұрсынбекова.

Бұған дейін Ақтауда 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлап кеткенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

6 жасар бала анасын зорламақ болған ер адамнан құтқарам деп көз жұмды

Есікте бір қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталды (видео)

БҚО-да 10 жасар қызды зорлаған сотталушы түрменің дәретханасында асылып қалған

Талқылау