Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есікте бір қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталды (видео)

Полиция Есікте қызды зорлаған төрт жігіттің ісін қолға алды. Дәл қазір екі күдікті ұсталды, қалған екеуі әлі іздестіріліп жатыр.

8e442d30b71d73140b913bd859be804f

Бұл туралы аймақтың ІІД хабарлайды.

Алматы облысының полицейлері Еңбекші қазақ тұрғынының зорлануына қатысты істі қолға алды. Жуырда әлеуметтік желіде әйел адам өз қызын төрт ер азаматтың зорлағанын айтып, шағымданған болатын. Видеода әйел жұрттан өзіне қолдау іздеп, әлгі қылмыскерлердің тиісті жазасын алуы үшін көмек сұрайды. Артынша бірден облыстық Департамент өкілдері істі қолға алады.

“Фактіге сәйкес тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Дәл қазір Есікте фактіге сәйкес тиісті шараларды қолданатын полиция қызметкерлері қарқынды жұмыс істеуде. Яғни зорлауға қатысы бар деген адамдардың кім екені толықтай анықталды. Екеуі ұсталды, қалған екеуі іздестіріліп жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция.

Күдіктілер бірнеше қылмыстық іс (адам зорлау, адам ұрлау) бойынша жауапкершілікке тартылмақ. Облыстық полиция департаменті қылмыстық істі өз қолына алып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Иранда жасөспірімді зорлады деген айыппен 19 жастағы гейді өлім жазасына кесті

ОҚО-дағы төбелес жеткіншек 7 жасар қызды зорлады деген сыбыстан соң басталған

Алматыда түрмедегі әйелді зорлады деген күдікті мекеме қызметкері қамауға алынды

Ақмола облысының тұрғыны өзіне туыс жетім қызды зорлады деп күдіктелуде

Талқылау