Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жасар бала анасын зорламақ болған ер адамнан құтқарам деп көз жұмды

Оңтүстік Африка республикасында 6 жасар бала анасын зорлықтан құтқарамын деп өз өмірімен қоштасты.

main_900

Сегомоцо Гэрсейп есімді әйел өзінің 8 және 6 жасар екі баласын мектепке апарып тастамақ болған. Межелі орынға жете бергенде олардың алдынан ер адам шығып ақша талап еткен. Әйел оған ақша беруден бас тартқан соң, ер адам оны жерге жатқызып зорламақ болады.  Сол кезде кіші баласы оған қарсылық танытып, аяғымен тебе бастады. Әйел үлкен баласымен көшедегі көлік жүргізушілерін тоқтатып көмек сұрағанымен ешкім оның сөзіне құлақ аспаған.

Осыдан соң әйел қайтып келгенде қылмыскердің кіші баласын қылқындырып, сынған бөтелке шынысымен мойнын тіліп жібергенін көреді.

Полицейлер 32 жастағы қылмыскерді қамауға алды. Жергілікті тұрғындар оны қатаң жазалауды талап етіп, шеруге шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда екі бала суға батқан достарын құтқармақшы болып талпынған

АҚШ-та әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды

Алматы облысында педофил зорламақ болған қызды телефон қоңырауы құтқарды

Талқылау