Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 20 жастағы бойжеткен дәмханада әйелді қатыгездікпен ұрып-соқты деген күдікке ілінді

Мұнайлы ауданының Басқұдық кентінің 28 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды. Әйелдің айтуынша, оны Ақтау дәмханаларының бірінде бейтаныс бойжеткен ұрып-соққан.

policiya-28

Оқиға облыс орталығының 23-ші шағынауданында орналасқан «Хуторянка» дәмханасында орын алған. Полицияда айтылғандай, онда бірнеше топ адам  отырған. Бір сәтте мекемеге келген мас әйелдердің арасында жанжал туындаған.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен жас әйелді далаға шығарып, соққыға жыққан. Ақыры, төбелесіп жатқандарға ер адамдар араша түскен, деп жазады Лада.кз.
Жәбірленуші полицияға өтініш жазып келді. Аталған фактімен күдікті азаматша – Ақтау қаласындағы 13-ші шағынауданда тұратын 20 жастағы бойжеткен ұсталды. Оқиғаның барлық мән-жайларын полиция қызметкерлері анықтайды.

Талқылау