АҚШ-та қыздарды сүндетке отырғызған дәрігер өмір бойына сотталуы мүмкін

Сенбі, 15 Сәуір , 2017 18:38

Детройт ауруханаларының бірінде дәрігер болып істейтін Джумана Нагарвалаға әйелдер сүндетке отырғызу жасағаны үшін айып тағылды. Бұл АҚШ тарихындағы осындай алғашқы жағдай.

_95638555_acafbc40-61ba-42f7-bd24-db29a1050945

Фото: HENRY FORD HOSPITAL

Прокурорлардың мәліметінше, дәрігер 6-12 жас аралығындағы қыздардың жыныс мүшесіне арнайы операция жасаған. Егер Нагарваланың әрекеті расқа айналса, онда ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша Нагарвала өзіне тағылған айыптармен келіспей отырғанын хабарлады.

Алайда ол өзіне көрінген емделушілерден, болған жағдайды ешкімге айтпауларын сұрапты. Әйелдерді сүндеттеуге АҚШ-та 1996 жылы заңмен тыйым салынған.

Мұндай жағдай алғаш рет 2006 жылы тіркелген екен. Эфиопиядан келген иммигрант өзінің екі жасар қызын сүндеттегені үшін 10 жылға сотталған. 2012 жылы АҚШ билігі елде жалпы саны 500 мың әйел мен қыз осындай жағдайға ұшырағаны туралы статистиканы жариялады. БҰҰ мәліметінше, мұндай дәстүр Египет, Эфиопия, Индонезия елдерінде кең таралған.

Оқи отырыңыз:

Иран елін сегіз жыл басқарған Махмұд Ахмадинежат билік басына қайтып оралуы мүмкін

Түрмеден шыққанына бір ай ғана болған ер адам 9 жасар қызды зорлады

Тікелей эфирде отырған жасөспірім абайсызда өз-өзін өлтіріп алды (видео)

Анасы 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын YouTube арқылы тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар