АҚШ-та Даун дертімен туған қыз сұлулық байқауында жеңіске жетті
АҚШ-та Даун ауруымен дүниеге келген қыз бірінші рет сұлулық байқауында бірінші орынды жеңіп алды. 22 жастағы америкалық Микайла Холмгрен «Миннесота аруы» атағын жеңіп алған.

Холмгрен үнемі қоғамдық жұмыстарға араласып, сұлулық, өнер байқауларына қатысып жүреді екен. Бұған дейін тек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сұлулық байқауына қатысыпты.
Қазылар оның биі мен күлкісіне ерекше қызыққандарын айтқан. Микайла 6 жасынан бастап бимен айналысады екен.Сұлулық сайысының атқарушы директоры Дениз Уоллис әділқазылардың шешіміне риза.
«Бұл қыздың алдында 5 минутын өткізген адам оның қоғамға берері көбіне көз жеткізеді»,-дейді ол.
Оқи отырыңыз:
Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді
Шымкентте эротикалық видеомен танылған шенеунік діни мекемедегі қызметіне қайта келді
Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық