Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

Дүйсенбі, 27 Қараша , 2017 12:29

Сооронбай Жээнбеков ұлықтау рәсімінде алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде берген еді.

© Sputnik / Сергей Гунеев

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің бұрынғы лидері Алмазбек Атамбаевқа “Ак Шумкар” ерекше белгісімен бірге “Қырғыз Республикасының Батыры” атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.

24 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Жээнбеков алғашқы жарлығымен Атамбаевты марапаттауға уәде беріп, президент қызметіндегі жетістіктері үшін ризашылық білдірген еді. Осыдан кейін Атамбаев көзіне жас алды.

“Қырғызстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, халық бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі, Қырғыз Республикасының тұрақты дамуына берік негіз қалағаны үшін, сондай-ақ көрсеткен саяси ерік-жігері мен батылдығы үшін Алмазбек Атамбаевқа «Ак Шумкар» ерекше белгісімен бірге «Қырғыз Республикасының Батыры» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі беріледі”, — делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

Тоқаев: Атамбаевтың психикалық дертпен ауыратыны белгілі болды, сауығып кетуін тілейміз

Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім

Министр Қазақстанда жабық киінуге тыйым салудың себебін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар