Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім

Бейсенбі, 23 Қараша , 2017 8:01

Қырғыз басшысы бәрін ақылға салып, ойланып сөйлейтінін айтты,-деп жазды Sputnik Қазақстан басылымы.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев көзге түскен азаматтарға мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімінде өзінің іс-әрекеттері туралы айтты.

“Көбісі Атамбаев “тағы артық сөйледі” деп айтып жатады, бірақ мен қызбалыққа салынсам да, бәрін ойланып барып айтамын. Кейбір мәлімдемелерді жасаған кезде, өзіме өте мықты дұшпандарды жинап жатқанымды білдім.

АҚШ базасын шығарған кезімде бұған ешкім, тіпті америкалықтар да сенбеген еді. Базаны өзімізде орналастырып,  Ақ үйге “тізгінді” беріп қою арқылы біз екі ұлы держава – Ресей мен Қытайды қатты ренжіттік”, — дейді Атамбаев.

Ол АҚШ-тың көмегінен гөрі көрші елдермен достық қарым-қатынасты сақтау анағұрлым маңызды екенін атап өтті.

“Кейде маған, керісінше, қарым-қатынасты бұзуға (көрші елдермен) тура келді. Каримовтың не болмаса Назарбаевтың мені ешқашан кешірмейтінін білдім, мен бұған қуанды деп ойламаңыздар… Егер мен БҰҰ-да және кейінірек үндемей қалғанымда, бәлкім, қазір елді “шестерка” басқарар еді», — деді президент.

Ол достары мен туыстарын жоғары қызметке орналастырмағандықтан, қазір олар қасында екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

Нығматулин министрлерге: Бас шұлғуға шеберсіздер, бірақ жұмысты сылбыр істейсіздер

Нығматулин қаржы министріне: Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар