Нығматулин министрлерге: Бас шұлғуға шеберсіздер, бірақ жұмысты сылбыр істейсіздер

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 18:33

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бизнесті қорғауға қатысты мәселеде үкімет, ұлттық банк және парламент бірлесе жұмыс істеуі қажет деп есептейді.

“Үкімет пен ұлттық банкке экономиканың нақты секторда жұмыс істейтін отандық компаниялар үшін кредиттік ресурстарды арзандату мәселесін ойластыратын кез келген секілді. Қанша жыл айтып келе жатырмыз? Бірақ үкімет те, ұлттық банк те бір қадам жасаған жоқ. Тіпті демпинг  біздің ішкі конкурстық рәсімдерге де еніп кетті. Құрылыста, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өзге де салаларда байқалады. Адал жұмыс істемейтін мердігерлер демпингтік баға бойынша келісім жасайды да, одан кейін өз міндеттерін орындамақ түгіл, қосымша қаражат талап ете бастайды. Осыдан барып жұмыс та, бүкіл қызмет бағасы қымбаттайды”, — деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Төрағаның айтуынша, осындай жағдай қазір елімізде кеңінен белең алып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Үкімет, оның ішінде бірінші кезекте қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігіне нақты ұсыныстар енгізетін уақыт жетті. Мемлекеттік сатып алулар кезінде демпингке қарсы қатаң шаралар тетігін енгізу қажет. Келісесіздер ме?”, — деп сұрады Нығматулин министрлерден.

“Онда іске кірісу керек қой?! Бас шұлғуға келгенде белсендісіздер, ал жұмысты сылбыр істеп жатырсыздар”,  — деді төраға.

Нығматулин отандық бизнесті қорғау қажеттігін айтты. Тіпті болмаса, бұл мәселені заңды түрде реттеу керек.

“Қажет болса, адал емес бәсекелестікпен заңды түрде күресуіміз керек. Бұл жұмыстан депутаттар да шет қалмауы тиіс. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті үкіметтегі әріптестерімізбен бірлесе жұмыс істейік”, — деп түйді сөзін Нығматулин.

Тағы да оқыңыз:

Нығматулин қаржы министріне: Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар