Шымкентте эротикалық видеомен танылған шенеунік діни мекемедегі қызметіне қайта келді

Сәрсенбі, 29 Қараша , 2017 15:48

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Нұржан Тұрсынбайдың жыныстық қатынасқа түсіп жатыр делінген видео биыл жазда әлеуметтік желілерге тараған еді, деп хабарлайды КТК.

Осы масқарадан соң іле-шала өз қалауымен қызметінен кеткен шенеунік 6 айдан кейін сот ол қайтадан орнына алынсын деген шешім шығарды. Алайда, оны ұжымның өзі көргісі келмейтін болып шықты. Дінтанушылар бірауыздан Нұржан Тұрсынбай кетсін деген талап қойып отыр.

Сонша жыл бірге жұмыс істеген ұжымы басшыға неліктен сонша қарсылық танытып отыр?

Талай жыл имам болып, осы орталыққа 5 жылдай басшылық еткен тәжірибелі Нұржан Тұрсынбайға ұжымы расымен түгел қарсылық танытып отыр.

Дінтанушылардың айтуынша Нұржан Тұрсынбай мұның алдында басшы болып тұрған шағында да көресін көргенбіз дейді. Яғни, ол діндар бола тұра кадрлік бизнестің көркін қыздырыпты.  Қит етсе ақша жинап, орталық мамандарының қызметінде қалуы үшін де ақша сұрататын болған.

“Өз орныңда қалатын болсаң маған 200 мың бересің деді. Ол рас нәрсе. Бұл жақта біздің мамандар да біледі ол жайында”, – дейді дінтанушы Ғазиз Аппазов.

Тіпті, дөрекілік көрсетіп қоластындағыларды құлша жұмсаған кездері де аз болмапты. Қызметкерлерді жекелеп шақыртып, түбегейлі бағынышты боласың деген шарт қоятын көрінеді. Сылтау тауып, я болмаса күн көрсетпей келді деген дінтанушылар бүгін бұрыңғы басшы Нұржан Тұрсынбайды қайта көргенде төбе шаштары тік тұрды. Директорды әкелген облыстық шенеуніктің көзінше жаппай қарсы шыққан ұжым Нұржан Тұрсынбай кетсін деп шорт кесті.

Алайда бұл кісі келетін болса  біз қайтадан жұмысты тоқтатып қойып, мына кісінің мәселесімен ары қарай жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан біз бұл кісімен істесе алмайтындығымызды ұжым ретінде білдіріп, міне ел алдында жаппай айтқымыз келді.

Белгілі дінтанушы, Діни басқарманың Семей өңірі бойынша өкіл имамы болған Нұржан Тұрсынбайдың аты биыл мамыр айында шыққан еді. Оған ұқсас азаматтың жыныстық қатынасқа түсіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерге таралған. Осыдан соң бір күннен кейін өз еркімен жұмыстан кеткен ол жарты жыл видеода өзге еркек екенін дәлел іздеген. Сот шешімімен ақталдым деген ол өзіне ұжымның қарсы болғанын жұмыстағы қаталдығымен түсіндіреді. Сүттен ақ, судан тазамын деген басшы орнымнан кетпеймін деп отыр.

“Жұмыстан кететін, кетем деген менімен жұмыс жасай алмаймын деген адамдар болатын болса ашық айта аламын есік ашық. Ал, ертең орындарына одан жақсы адам болмаса одан төмен адамды мен әкелмеймін”, – дейді ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры Нұржан Тұрсынбай.

Қайта келген директор енді ұжымдастарымен соттаспақшы. Ал, дінтанушылар өз кезегінде басшыға қатысты бүгіннен қалмай Прокуратура мен облыс әкіміне шағым түсірмекші. Яғни, орталық өз жұмысымен емес, өзара қырқысумен айналысатын түрі бар.

Тағы да оқыңыз:

Әкесі жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін балтамен шауып өлтірді

Сәпиевтен эстафета қабылдаған Левит уәде бойынша балалар үйіне барды

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ақшаң болса адам өлтірсең де жұмысыңа қайтып келесің, біздің елде бәрін шешетін ақша ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар