Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Ұлыбритания Қытайға қарсы санкция жариялады

АҚШ пен Ұлыбритания қытайлық компанияға және Қытай үкіметіне қатысы бар екі адамға зиянды кибер әрекеті үшін санкция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Tagil.ws

Лондон санкция салынған тұлғалар британдық сайлауға бағытталған кибер тыңшылыққа, соның ішінде ондаған миллион британдық сайлаушылар туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берген хакерлік шабуылға жауапты деп мәлімдейді.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі кибершабуыл сайлау үдерістеріне әсер етпегенін, ешбір адамның құқықтарына немесе демократиялық үдерістерге қол жеткізуіне әсер етпегенін және сайлаушыларды тіркеуге әсер етпейтінін айтты.

Британ премьер-министрінің орынбасары Оливер Дауден олардың демократияға араласу әрекеттері сәтсіз аяқталғанын айтты.

"Қытай мемлекетімен байланысы бар адамдар біздің демократиялық институттарымызға да, парламентшілерге де бағытталған екі зиянды кибернауқанға жауапты екенін растай аламын. Бірқатар халықаралық серіктестеріміз, соның ішінде Америка Құрама Штаттары да осы әрекеттерді әшкерелеу және ұстау үшін осындай мәлімдемелер жасйды. Қытай біздің ұжымдық демократияға қарсы жалғасып жатқан дұшпандық әрекеттері үшін жауап береді ", – деді Дауден.

Бұған дейін АҚШ жеті қытайлық хакерді Қытайдан келетін қауіп туралы ашық айтқан америкалық заң шығарушылар, саясаткерлер мен журналистерге шабуыл жасады деп сырттай айыптаған. Осыған қатысты екі бап бойынша іс қозғалды – “Компьютерге кіру үшін алдын ала сөз байласу” және “Коммуникация арқылы алаяқтық”.

APT31 (Advanced Persistent Threat) код атауын алған қауымдастық Қытай мемлекеттік қауіпсіздік министрлігімен жұмыс істеген деген болжам бар.

Қытай сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелер дәлелге негізделуі керек деді.

Талқылау